Ақ тілек

Ақ тілек

 Алматы| 27 Марта 2014 11:16| №: 1565637| Просмотров: 0 |«предыдущее  следующее»  к списку объявлений
 
 
 
Үлкен ортадан шыққан, ынтымағы жарасқан, кең тараған әулетпіз. Әулетіміздің үлкендері, көптеген отбасылық жолдастарымыз, қызметтестер бар, бас құрап ойласып, осы бастаманы ортаға салып отырмыз.
Ұлдарымыз, қыздарымыз білім алып, ізденіп, сан түрлі салаларда қызметтер атқаруда. Алыста жүрсе де, жақында жүрсе де ана тілін қадірлеп, ата-ананың алдында перзенттік борыштарын адал өтеп келеді.
Ақ баталарымызды бере отырып, перзенттерімізді бақ сынына салып отырымыз.
Таңдауларына, жүректеріне әмір жүргізбейміз. Тек дәнекерлік. Отбасылық жарасымдылық, баянды бақыттарын тауып жатса нұр үстіне нұр.
Қазіргі таңда, заман талабына сай әр түрлі хабар арналары жеткілікті болып жатса да, орнықты балалар өздерін ашық жарнама жасауды жөн санамады.
Ер жігіттердің де қыз балалардың да жүрегінде имандылығы бар, парасатты, ұлттық мәдениетімізді, дәстүрімізді қадірлей білетін, қазақ тілінде ойын еркжеткізе алатын, қазақи тәрбиедегі 30 – 40 жас және 40 – 50 жас арасындағы жастардың және жалғыздығы жанына батқан жандардың хабарласуын сұранамыз.
Осы мақсатта жүрегіміздің үміт – ниеттерін жеткізе отырып, өтініштеріміз:

I. Ер азаматтарға:
Өзіне - өзі сенімді, ерік жігері мықты, бүгін жарын аялап, дүниеге келетін сәбилеріне жақсы әке, әулетінің сенімді тірегі бола білетін жақсы азамат, ертеңгі ұрпақтарының ұлағатты атасы.

II. Қыз балаларға:
Тәрбиелі, инабатты, ер азаматын қолдай білетін, қызметі мен отбасылық міндетін қатар алып жүре алатын, дүниеге келген перзенттеріне жақсы тәрбие бере алатын, абырой туы жағылмаған үлкен әулеттердің болашақ салихалы отаналарын күтеміз.

Өмір өткелдерінде белгілі себептермен, жалғыздығы жанына батқан бауырларымзыдың, жолдастарымыздың тағдырларын байланыстыра отырып кеудесінің жастық желігі басылмаған, жасына лайықсыз іс-әрекеттерден аулақ ақиретін ойлайтын, өз замандастарымен бірге жасап, бірге қартайғысы келетін 50-60 жас аралығындағы жалғызбасты, қасиетті жандардың да хабарласуын күтеміз.
Арзан күлкі іздегендердің, орынсыз қылжақтарға жақындардың, жеңгетайлардың, өзінің де өзгенің де өміріне жеңіл қарайтын жандардың мазаламауын өтінеміз.
Таңдауымыз түскен, әулеттеріміздің сенімді өкілі, ұл – қыздарымыздың, бауырларымыздың, жолдастардың талғамымен етене таныс жауапкершілігі жоғары жан өтініштеріңізді қабылдап отырады.
Әр күні сағ 10:00 - 13:00 дейін.
Шектеулі уақытты пайдаланып өздеріңіз жайлы мәліметтерді дұрыс берулеріңізді сұранамыз. Дәм тұзы жарасқан жастардың барлық кәдесі: танысу, құдаласу, сый – сияпат ретімен жасалады.
Әрбір жеке тұлғаның құпиясы құрметпен сақталады.


Контактные данные
Автор: Ақ тілек
телефон: 8 702 317 3261
при звонке не забывайте,пожалуйста, сообщать, что вы нашли данное объявление на сайте БезГазет
Постоянная ссылка на данное объявление:
Отправить ссылку по email
 
 

 



Отметить объявление как

 
 
главная  |  О проекте  |  Реклама на БезГазет  |  Работа на БезГазет  |  Условия использования сайта BEZGAZET.KZ  |  часто задаваемые вопросы  |   |  © Доска объявлений БезГазет